Алтайда Семейге бет алған автобус апатқа ұшырап, қазақстандық зардап шекті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтайда Семейге бет алған автобус апатқа ұшырап, қазақстандық зардап шекті Фото: 22.мвд.рф

Алтай аймағындағы тасжолда автобус апатынан Қазақстан азаматы зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтай аймағындағы тасжолда автобус апатынан Қазақстан азаматы зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігі жол апатында зардап шеккендер туралы ақпаратты растады.

"Қазақстанның бір азаматы зардап шекті. Ол жақын жердегі Рубцовск қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Жарақаттары орташа ауырлықта, дәрігерлердің бақылауында", - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

22.мвд.рф

РФ ІІМ Алтай аймағы бойынша департаменті жол-көлік оқиғасы 2 наурызда сағат 03:50-де Алтай өлкесінің Рубцовск ауданында А-322 (Барнаул – Рубцовск - Қазақстан Республикасымен шекара) тасжолының 267-шақырымында болғанын хабарлады. Автобус жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, 1968 жылы туған жүргізуші тізгіндеген тіркемемен қарсы бағытта келе жатқан MAN көлігімен соқтығысқан.

22.мвд.рф

Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустың екі жолаушысы алған жарақаттарынан қаза болды. Автобус жүргізушісі мен екі жолаушы жеңіл жарақат алды. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Іс "Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша қозғалған.

Айта кетейік, БАҚ мәліметінше, автобус Семейге бағыт алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети