26 маусым 2014 | 12:37

Алты адамның өмірін қиған жол-көлік апатына кінәлі жүргізуші аман қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vdtp.ru. Бейтарап фото ©Vdtp.ru. Бейтарап фото

Оңтүстік Қазақстан облысында жол қозғалысы ережелерін бұзып, алты адамның өліміне кінәлі деп саналатын жүргізуші аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстан облысында жол қозғалысы ережелерін бұзып, алты адамның өліміне кінәлі деп саналатын жүргізуші аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. 

Жол-көлік апаты кеше, маусымның 25-і күні сағат 17:20-да Шымкент - Леңгір тас жолында болған. Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі - 1993 жылғы азамат облыс орталығына барар жолда "КамАЗ"-дың" алдында түспекші болып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Дәл сол кезде "ВАЗ-21713 Приорамен" бетпе-бет келіп соғылған. Бұл көліктің рулінде 1982 жылы туған азамат болды.

Апат салдарынан "Приораның" жүргізушісі және машинада болған төрт жолаушы: 1965, 1974 және 1979 жылдары туған үш әйел, сондай-ақ 1961 жылғы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Бұдан басқа, Mercedes-тегі 1986 жылғы ер азамат алған дене жарақаттарынан мерт болды. Ал Mercedes жүргізушісі мен 1981 жылғы оның тағы бір жолаушысы ауыр жарақаттармен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Бүгінде жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық  ic қозғалды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети