"Алтын Орда" маңындағы жол апаты: жүк көлігі мен BMW бетон блоктарды бұзып өткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алтын Орда" маңындағы жол апаты: жүк көлігі мен BMW бетон блоктарды бұзып өткен видео кадры

"Алтын Орда" базары маңындағы тасжолда жүк көлігі мен жеңіл көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алтын Орда" базары маңындағы тасжолда жүк көлігі мен жеңіл көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Кадрлардан соқтығыс салдарынан көліктер жол бойындағы бетон блоктарға соғылғанын көруге болады.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты Алматы-Бішкек тасжолының 18-шақырымында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Shacman маркалы жүк көлігінің 34 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, BMW маркалы автокөлікпен соқтығысқан, содан кейін жеңіл көлік соққы инерциясынан бетон блокқа соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жолаушысы дене жарақатын алып, Алматы қаласының ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта түпкілікті процессуалдық шешім қабылдау үшін сараптамалар тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп қосты полицейлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети