Алтын іздеген: жоғалған 17 жастағы қазақстандық шахтадан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтын іздеген: жоғалған 17 жастағы қазақстандық шахтадан табылды Фото:depositphotos.com

Степногорск қаласында 17 жастағы жасөспірім жоғалып кетті. Полицейлер оны бірнеше күн іздеп, шахтадан тапты. Осы уақыт бойы ол алтын іздеп жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Степногорск қаласында 17 жастағы жасөспірім жоғалып кетті. Полицейлер оны бірнеше күн іздеп, шахтадан тапты. Осы уақыт бойы ол алтын іздеп жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Степногор қалалық полиция басқармасына 16 қыркүйекте жеткіншектің жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бала 13 қыркүйектен бері сабаққа бармаған соң мұғалімдер дабыл қаққан.

"Полиция қызметкерлері дереу қажетті жедел және іздестіру шараларын бастады. Жоғалған жасөспірімнің таныстарының шеңбері құрылды, ата-аналары, жақын туыстары мен достары арасында сауалнама жүргізілді", - деп полицейлер іздеу мәліметтерін бөлісті.

Тәртіп сақшылары жасөспірімнің Бестөбе ауылының аумағында екенін анықтап, шахтаның төменгі көкжиектеріне түсіп іздеген.

"17 қыркүйекте кәмелетке толмаған баланың орналасқан жері анықталды және ол туыстарына аман-есен берілді. Жас жігіт алтын табу үшін шахталарға түскенін түсіндірді. Жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін әкімшілік хаттама жасалды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағанның өзі күзетілетін объектіге заңсыз кіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Ақмола облысы ПД.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети