АН-28 ұшағы табылды: Оқиға орнында өртсөндірушілер жұмыс істеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

АН-28 ұшағы табылды: Оқиға орнында өртсөндірушілер жұмыс істеп жатыр

Алматы түбінде радарлардан жоғалып кеткен Ан-28 ұшағы жанып жатқан жерінен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы түбінде радарлардан жоғалып кеткен Ан-28 ұшағы жанып жатқан жерінен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біздің бөлімшелер оқиға орнына келіп жетті. Ұшақ сөндіріліп жатыр", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Еске салайық, осыған дейін ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті Eastwing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы Алматыдан 28 шақырым жерде жоғалып кеткенін хабарлаған еді. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ұшақ Алматы - Шымкент бағытында санитарлық рейс жасаған.

"18:47-де локатордан жоғалды, Алматыдан 28 шақырым жерде. Бортпен байланыс жоқ. Бортта бес адам. Іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр", - деп хабарлаған еді ведомство өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети