Алматы түбінде радарлардан жоғалып кеткен Ан-28 ұшағы жанып жатқан жерінен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы түбінде радарлардан жоғалып кеткен Ан-28 ұшағы жанып жатқан жерінен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біздің бөлімшелер оқиға орнына келіп жетті. Ұшақ сөндіріліп жатыр", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Еске салайық, осыған дейін ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті Eastwing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы Алматыдан 28 шақырым жерде жоғалып кеткенін хабарлаған еді. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ұшақ Алматы - Шымкент бағытында санитарлық рейс жасаған.
"18:47-де локатордан жоғалды, Алматыдан 28 шақырым жерде. Бортпен байланыс жоқ. Бортта бес адам. Іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр", - деп хабарлаған еді ведомство өкілдері.