01 қараша 2017 | 10:20

Анасын "өлтіремін" деп қорқытатын қостанайлық 17 тәулікке қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gorod.dp.ua © gorod.dp.ua

Анасын "өлтіремін" деп қорқытатын Қостанай тұрғыны 17 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 1966 жылғы ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы ("Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер") бойынша төрт әкімшілік іс қаралды. 

Иконка комментария блок соц сети

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, биыл 25-27 қазан аралығында ер адам өз үйінде анасымен жанжалдасып, балағат сөздер айтқан. Осыдан кейін анасының тыныштығын бұзып, "өлтіремін" деп қорқытқан. Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындады. 

17 күнге қамалудан бөлек, сот оның әрекетіне өзге де тыйымдар салды: үш айдан алты айға дейінгі уақытта жәбірленушіні іздеуге және қудалауға жол бермеу.  Ер адам әр айдың 1, 10, 30 күндері полиция пунктіне келіп, профилактикалық әңгімелесуге келетін болады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети