"Дауыс International" тобының бұрынғы солисі Жадыра Құтпанова автокөлікті алкогольден мас күйде басқарғаны үшін жүргізуші құқығынан үш жылға айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметке сілтеме жасап.

"Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының өндірісіне Жадыра Құтпановаға қатысты "Жүргізушінің көлік құралын алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйде басқару" бабы бойынша 25 шілдеде қозғалған әкімшілік іс келіп түсті. 30 шілдеде соттың қаулысымен заңбұзушы Жадыра Құтпанова "Көлік құралын жүргізушінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бекітілген ережелерін бұза отырып, адам денсаулығына нұқсан келтіру, көлік құралы мен басқа да мүлікке зақым келтіру" бабында қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылықты жасауға айыпты деп танылды. Оған көлік құралын басқару құқығынан үш жылға айыру түрінде әкімшілік өндіру тағайындалды", - дейді Ешімет.
Еске сала кетейік, "Дауыс International" тобының бұрынғы мүшесінің көлігі Саин және Асқаров көшелерінің қиылысында ұсталған болатын. Жадыра Құтпанова қиқар мінез танытып, көлік құжаттарын көрсетуден үзілді-кесілді бас тартқан. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, мас әнші Бостандық аудандық ішкі істер басқармасы ғимаратының жанында полицейдің шалбарын жыртып, тағы бір қызметкердің қолын тістеген. Дәрігерлердің айтуынша, қыз алкогольден орта деңгейде мас болған.