Алматы коммуналдық кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.
Алматы коммуналдық кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.
Алматы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы тазалық" ШЖҚ МКК директорына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.
"Ол мердігер ұйым өкілінен 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктеліп отыр. Бұл сома орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға, мемлекеттік сатып алулар бойынша қосымша келісімшарттар жасауға және жалпы қамқорлыққа арналған. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!