Апат салдарынан үш бірдей поезд кідіріп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Апат салдарынан үш бірдей поезд кідіріп қалды Сурет locman.kz сайтынан алынды

Бүгін "Шығанақ-Шу" темір жол бағытындағы бөлімшеде қатты желдің салдарынан №12-52 жүк поездының құрамындағы 15 бос контейнерлер құлап қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Теміржол бағыттарының контейнерлермен жабылып қалуының салдарынан үш бірдей жолаушылар тасымалдайтын поезд бірнеше сағатқа тоқтап қалды. "Петропавл-Алматы" (4 сағ. 18 минут), Алматы-2 - Жезқазған (4 сағ.) және Астана - Алматы-1 (1 сағ.42 минутқа) кідірді. "Апатты жою үшін қалпына келтіретін поезд жіберілді. Дәл қазіргі таңда барлық зардаптар жойылып, вагондардың барлығы негізгі кесте бойынша қозғалып кетті", - дейді баспасөз қызметінің жетекшісі Тимур Асылханов. "Петропавл-Алматы" поездының жолаушысы Иван Чапаевтың айтуынша, поезд "Бірлік" станциясына жетпей, тоқтап қалған. "Поезды тіркеп, кері бағытқа қарай сүйреуді бастады, соған қарағанда олар қандай да бір бекетке дейін апармақшы болды... Бірақ жолаушылар арасында шу шыққан жоқ, өйткені вагондардың іші жылы, ыстық және суық су да болды",- дейді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети