Алматы облысында апатқа ұшыраған Су-27 ұшағы Беларусьте күрделі жөндеуден өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысында апатқа ұшыраған Су-27 ұшағы Беларусьте күрделі жөндеуден өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Су-27 ұшағы 2009 жылы Беларусь Республикасында күрделі жөндеуден өтті және тағы үш жылға жарамдылық мерзімі бар", - деп хабарлайды министрлік.
Ұшқыштарды іздестіруге әскери авиацияның төрт тікұшағы мен 10 іздеу тобы жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, 2014 жылдың 23 қыркүйегінде сағат шамамен 20.42-де оқу-жаттығу ұшулары кезінде Су-27 (50) ұшағынан байланыс үзілген еді. Іздестіру жұмыстары барысында ұшақтың құлаған орны табылды. Экипаж мүшелері - подполковниктер - Е.Ж.Науанов пен Д.И.Горбунов. Әуе апатының себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.