05 ақпан 2014 14:18

Апатқа ұшыраған тікұшақтағы кәсіпкерлер ішімдік ішпеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото "Орал" апталығы сайтынан алынды Фото "Орал" апталығы сайтынан алынды

Өткен жылдың қазан айында Батыс Қазақстан облысы аумағында орын алған тікұшақ апатынан қаза болған кәсіпкер Владимир Волков пен қасындағы серігі Григорий Поляничконың спирттік ішімдік ішпегені белгілі болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Орал қалалық көлік прокуроры Арман Мұқанбетқалиев мәлім етті. "Бүгін сот-дәрігерлік, биологиялық, баллистикалық, одорологиялық (иіске қатысты талдау) сараптамалары дайын болды. Сараптамалар Орал, Ақтөбе және Алматы қалаларында жасалды. Зерттеу нәтижесінде тікұшақты басқарған кәсіпкер Владимир Волковтың қанынан қандай ма бір ішімдік белгісі табылмады. ҚР Қылмыстық кодексінің 295-бабы, 3-бөлімімен көтерілген іске байланысты басқа да тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. Атап айтқанда апатқа ұшыраған "Robinson-44" тікұшағының қыр-сырын жақсы білетін мамандардан ақыл-кеңес сұралып, осы іске қатысы бар-ау деген тұлғалар жауапталды. Дәл қазір қадап айтатын жағдай – әуе кемесіне және оның иесіне қасақана қастандық жасалуы мүмкін деген болжам түгелдей теріске шығарылды. Енді барлық сараптамалардың қорытындысы ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігіне жолданады. Министрлікте арнайы құрылған комиссия нақты шешімін жария еткеннен кейін БҚО ІІД-і соңғы нүктені қояды", - деді көлік прокуроры. Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылдың 13 қазанында Оралдағы "Талап" АҚ-ның президенті Владимир Волковтың жеке меншігіндегі "Robinson-44" тікұшағы облыстың Зеленов ауданы аумағында апатқа ұшыраған болатын. Апат салдарынан В.Волков пен Г.Поляничко оқиға орнында қаза тапқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети