Ақмола облысында кафеде берілген астан 60-қа жуық адам уланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында кафеде берілген астан 60-қа жуық адам уланды Иллюстрациялық сурет © Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысы Шортанды ауылында кафеде берілген астан кейін 58 адам тамақтан уланып қалған. 15 адам ішектің өткір инфекциясымен ауруханаға жатқызылды, ал 43 адам амбулаторлық ем алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл дерекке қатысты Ақмола облысының қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті эпидемиологиялық тергеу жүргізді. 

"Уланып қалғандар 6 наурызда Шортанды ауылында асылған ет жегені анықталды. 5 санитарлық талаптар бұзылып, етті асып, турап, 10 сағат жылы жерде сақтаған. Етке жайылған қамыр Егемен ауылындағы үйде жасалған. Содан кейін Шортанды ауылындағы қоғамдық тамақтану орнына жеткізілген", - дейді департамент өкілдері. 

Ведомство өкілдері барлық уланған адамға медициналық жәрдем көрсетіліп, бақылауға алынғанын, адамдардың жағдайы жақсарып келе жатқанын мәлімдеді. Департамент өкілдерінің сөзінше, эпидемияға қарсы және алдын ала шаралары жүргізілді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети