Ақмола облысында мектептен 160 адам эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында мектептен 160 адам эвакуацияланды ©Tengrinews.kz

Ақмола облысындағы ауыл мектебінен 160 адам эвакуацияланды, оның ішінде 120 бала бар, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ІІД өкілдері мәлімдеді. Білім беру мекемесінен адамдарды шығаруға бромның төгіліп кеткендігі себеп болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысындағы ауыл мектебінен 160 адам эвакуацияланды, оның ішінде 120 бала бар, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ІІД өкілдері мәлімдеді. Білім беру мекемесінен адамдарды шығаруға бромның төгіліп кеткендігі себеп болды.

"17 қарашада Бурабай ауданы Баянбай ауылындағы орта мектептің зертхана кабинетінде 25 миллилитр бром кездейсоқ төгіліп кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бромды жинап, жойды", - деді Ақмол облыстық ІІД баспасөз мамандары. Полиция өкілдерінің айтуынша, оқушылар жапа шекпеді.

Бұл соңғы күндері білім беру мекемесінде болған жалғыз оқиға емес. Еске сала кетейік, 17 қараша күні Алматы сән және дизайн колледжіндегі алғашқы әскери дайындық пәнінде граната жарылған болатын. Төтенше оқиға салдарынан 16 жастағы студент қыз Светлана Яковлева қайтыс болды. 12 адам ауруханаға түсті. Оның бесеуінің жағдайы ауыр.

Бром заты - қызыл-қоңыр түсті әрі жағымсыз иісі бар ауыр, улы сұйықтық. Бромның молекуласы екі атомды. Бромды Монпелье қаласындағы колледждің мұғалімі 1826 жылы ашқан болатын. Бұл зат табиғатта көп кездеседі және шашыраңқы құрамда күнделікті табылып жатады. Құрамында бромы бар барлық зат ерігіш келеді, сондықтан да тау жыныстарынан сілтіленіп шығады. Ол жүздеген минералда кездеседі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети