Ақмола облысында оқуға түсе алмаған қыз өз-өзіне қол жұмсаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында оқуға түсе алмаған қыз өз-өзіне қол жұмсаған

Ақмола облыстық құқық қорғау органдары өзінің ешқандай оқуға түсе алмайтынын білген 17 жасар оқушының өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болғанын мәлімдеді, -деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облыстық құқық қорғау органдары өзінің ешқандай оқуға түсе алмайтынын білген 17 жасар оқушының өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болғанын мәлімдеді, -деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Хабарламада 8 тамызда Ақмола облысы Степняк қаласының жедел жәрдем қызметіне Еңбекшілер ауданының кезекші бөлімінен 11-сынып оқушысының өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат келгені айтылады.

1999 жылы дүниеге келген жасөспірім өз үйінің шатырында асылып қалған. Оқыс оқиғаның неден болғанын, жасөспірімнің не себепті мұндай әрекетке барғанын тексерген құқық қорғау орындары оқушының өлер алдында анасына қалдырған хатын тапты.

Онда "Ана, кешір мені. Мен сендерді ұятқа қалдырғым келмейді. Мен ешқандай оқу орнына түсе алмаймын" , - деп жазылған.

Ата-анасын ұятқа қалдырғысы келген оқушының намысы, өкінішке қарай, ата-анасын орны толмас қайғыға қалдырарын жасөспірім бағамдай алмаған секілді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети