Ақмола облысында орман өртеніп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында орман өртеніп жатыр

Ақмола облысында орман өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өрт туралы ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында орман өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өрт туралы ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. 

Оның айтуынша, 20 қыркүйекте сағат 13.30-да Ақкөл ауданындағы "Красный бор" орман шаруашылығының территориясында құрғақ шөп тұтанып, орман массивіне көшкен. Бұл Амангелді ауылынан 10 шақырым жерде. Өрт тараған аумақ, алдын ала - 20 гектар деп есептелген. 

Сонымен қатар, ведомство өкілі өртті сөндіруге Ақмола облыстық жеке құрамның 50 адамы мен Өрт сөндіру қызметтерінің 10 дана техникасы, "Қазавиақұтқару" ТЖК тікұшағы; 50 адам мен орманшылардың 30 дана техникасы тартылған.  

Сонымен қатар, Астана гарнизонының күш құрамы мен құралдары құрылған - шамамен 20 адам мен арнайы техника, олар таяу уақытта оқиға орнына шығады. Өрт сөндіріліп жатыр, ешкім зардап шеккен жоқ.

Руслан Иманқұловтың айтуынша, қазіргі уақытта өрт таралып жатқан жоқ, ал өртті сөндіру ағаштардың басы жанып жатқандықтан қиындатылған. 

Өңірлік ТЖД қызметіндегілер өрт кезінде егістік алқабы өртенеді деген қауіп болғанын, алайда бөлімшелердің күш біріктіруінің арқасында бұған жол берілмегенін айтты. Дабыл бойынша бірнеше аудандық гарнизонның жеке құрамы көтерілгені, жағдай қиындаса олардың дереу өрт сөндіруге аттанатыны айтылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети