Ақмола облысында су тасқыны бөгетті бұзып өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында су тасқыны бөгетті бұзып өтті Видеодан алынған кадр

Ақмола облысындағы Атбасар ауданында тасқын су бөгетті бұзып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысындағы Атбасар ауданында тасқын су бөгетті бұзып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

7 сәуірде Жабай өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты үйілген бөгеттің кей жерлері шайылып кетті. Төтенше жағдайдан төрт үйді су басып, 70 адам эвакуацияланды. "Ақмола облыстық ТЖ бойынша департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 220 метрлік дуал жасау жұмыстарын жүргізді. Дуалдың жалпы ұзындығы 2220 метрге жетті. Су бұзып өткен жер қалыпқа келтірілді. Қазіргі таңда жағдай бақылауға алынды. Қажетті техниканың барлығы оқиға орнында", - деді Иманқұлов.

Уақытша бөгеттің бұзылғаны түсірілген видеоны Dixinews порталы жариялады.


© Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оның мәліметінше, қазір республика бойынша 31 мыңнан аса уақытша бөгет бар. Ақмола облысында - 22 мың 946. Республика бойынша тасқынға қарсы шараларға шамамен 3,5 мың адам мен 823 техника жұмылдырылған.

Tengrinews.kz редакциясына Сандықтау ауданы Балкашино ауылында түсірілген видео келіп түсті. Ол жақта да Атбасардағыдай Жабай өзені тасып жатыр. Видео автокөлікте түсірілген. Кадрлардан жолды судың басқанын көруге болады.

Ескерту, видеода былапыт сөздер айтылады. 18+

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети