Ақмола облысында жоғалып кеткен әйелдің өлігі табылды

Қуанған Базаргүл © Ақмола облыстық ІІД

Полицейлер А?мола облысында 12 ?арашада жо?алып кеткен ?уан?ан Базарг?лді? денесін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ??ірлік ІІД сілтеме жасап.

Полицейлер Ақмола облысында 12 қарашада жоғалып кеткен Қуанған Базаргүлдің денесін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД сілтеме жасап.

"Әйелдің денесі 19 қарашада Ошақ ауылынан екі шақырым жердегі сайдан табылған. Өлімінің алдын ала себебі - денесі суықтап қалған", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осыған дейін полицейлер мен еріктілердің Ақмола облысының Шортанды ауданының тұрғыны Қуанған Базаргүлді іздеп жатқаны хабарланған болатын. 41 жастағы әйелдің іс-түссіз жоғалғаны туралы Шортанды аудандық ІІБ-не 14 қарашада түскен. Қуанған Базаргүлдің күйеуінің айтуынша, ол 12 қарашада 08.30-да үйден шығып, қайта оралмаған.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама