16 қараша 2016 13:17

Ақмола облысында үш баланың анасына іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуанған Базаргүл Қуанған Базаргүл

Полицейлер мен еріктілер төрт күн бойы Ақмола облысының Шортанды ауданының тұрғыны Қуанған Базаргүлді іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 41 жастағы әйелдің іс-түссіз жоғалғаны туралы Шортанды аудандық ІІБ-не 14 қарашада түскен. Қуанған Базаргүлдің күйеуінің айтуынша, ол 12 қарашада 08.30-да үйден шығып, қайта оралмаған. 

Қуанған Базаргүл. Фото: Ақмола облысы ІІД

Әйел адам күйеуімен және 12 жастағы қызымен Ошақ ауылында тұрады. Сонымен қатар, отбасының тағы екі баласы бар, үлкен ұлы үйленген және Целиноград ауданының Қоянды ауылда тұрады, ал ортаншы қызы - Астана медициналық колледжінің студенті. 

Іс-түссіз жоғалған Қуанған Базаргүл Новоселовский ауылдық округінің әкім аппаратында әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істейді. Күйеуінің айтуынша, 12 қарашада таңғы 08.00-дер шамасында әйел адам қызын мектепке апарған, осыдан кейін ол күйеуіне үй тірліктерімен айналысамын деп сыртқа шығып кеткен. Қазіргі уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз. "Екі сағаттан соң ер адам әйелін іздей бастаған, оның телефоны сөндірулі болған. Сол күні ауылдастары да әйел адамды іздеуге кіріскен, күйеуі барлық туыстарына хабарласып сұрастырған, алайда әйелдің қайда екенін ешкім білмейді. 14 қарашада күйеуі полицияға хабарласқан", - деді ІІД-нің өкілдері. 

Ол әйелді іздеу шараларына Шортанды аудандық жеке құрамымен және жақын жердегі АІІБ-дері кіріскен. Әйелдің бағыттамасы Астана қалалық ІІД-не және көршілес облыстарға берілген. "Арнайы іздеу топтары құралған. Ошақ, Новоселовка, Жолымбет ауылындарында Шортанды ауданында іздеу жарияланған суреттер ілінді. Қуанған Базаргүл сол күні киінген киімі: басында қара түсті орамал, қара-көк түсті куртка, көк түсті джинсы және аяғында қоңыр түсті угги", - деді полициядағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети