Ақмола облысындағы балалар лагерінде оқушы қыз қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысындағы балалар лагерінде оқушы қыз қайтыс болды © Tengrinews.kz

Ақмола облысындағы балалар лагерінде 7-сынып оқушысы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысындағы балалар лагерінде 7-сынып оқушысы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Тайыншы ауданындағы "Арман" сауықтыру лагерінде болған. Қайтыс болған Анна Маликова мұнда аз қамтылған отбасының мүшесі ретінде келіпті. "2016 жылдың 15 маусымында кешкі сағат 16.00 шамасында Анна Маликова бір топ қыздармен таза ауада ойнап жүріп, байқаусыз кіреберіс есіктің әйнегін сындырып алып, жараланады. 10 минут төңірегінде жәбірленген қызды жедел жәрдем және лагерь қызметкерлері Ақмола облысының Щучинск қаласының ауруханасына жеткізді. Өкінішке қарай, жедел жәрдем қызметкерлері Аннаға көмек көрсетіп үлгермей, өлім фактісін белгіледі. Қыздың ата-анасына бірден хабарды жеткізілді", - делінген хабарламада.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 маусымнан бері лагерьде Ақмола облысы ішкі істер департаментінің жедел тобы жұмыс істеп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети