АҚШ-та 46 жастағы қазақстандық жол апатынан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та 46 жастағы қазақстандық жол апатынан қаза тапты

АҚШ-та Нұрлан Нөгербеков есімді қазақстанды азамат жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы Gofundme сайты Facebook желісіндегі Kazakh American Association тобына хабарлаған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та Нұрлан Нөгербеков есімді қазақстанды азамат жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы Gofundme сайты Facebook желісіндегі Kazakh American Association тобына хабарлаған. 

БАҚ мәліметінше, ер адам Огайо шатының оңтүстік-батысындағы Цинциннати қаласында жолда келе жатып, тізгінге ие бола алмай қалған. WLWT.com порталының мәліметі бойынша, 46 жастағы ер адам 5 наурызда шамамен сағат 18.20-да жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Оның көлігі жолдан шығып кетіп, кәріздің бетон қақпасына соғылған. Көлік бірден өртеніп, ер адам ауруханада көз жұмған.


Нұрлан Нөгербеков

Хабарлама авторлары марқұмның денесін Таразға жеткізу үшін қаражат сұрап отыр. 

"Нұрлан қайырымды әке әрі күйеу, қымбатты бала әрі бауыр, жақсы дос бола білген. Туыстары жерлеуі үшін Нұрланның денесін үйіне тасымалдауға ақша сұраймыз. Қазақстан елшілігі тасымалдауға көмек қолын созуға дайын. Әркімнен үлес қосуын я сілтемені бөлісуін сұраймыз. Кез келген әрекетіңіз Нұрланның отбасына жасаған жақсылығыңыз болмақ", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети