Ақтау - Атырау тас жолында табылған сәби үсіп өлген

Ақтау - Атырау тас жолында табылған сәби үсіп өлген

Ақтау - Атырау тасжолында табылған сәби үсіп өлген, - деп хабарлайды "Лада" өңірлік басылымы Маңғыстау облысының Бейнеу аудандық прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокуратураның мәліметінше, биологиялық сараптаманың қорытындысы бойынша, сәби мерзімі жетіп, дені сау болып туған. "Өлім суықтап қалудан келген", - делінген прокуратураның хабарламасында. 

Еске салайық, Бейнеу ауданындағы Сарға ауылының тұрғыны 17 қаңтарда аудандық ІІБ-ге хабарласып, сағат 17.00 шамасында республикалық Ақтау - Атырау тас жолынан, Сарға ауылынан 900 метр жерде картон қорап тапқанын айтады. Қораптың ішінде өлі нәресте болыпты. "Полицейлер мәйітті мәйітханаха жеткізді. Ол жерде нәрестенің қыз бала екені анықталды", - делінген басылымда. Бүгінге дейін анасы табылмаған. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы ("Анасының жана туған нәрестесін өлтіруі") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама