18 қаңтар 2016 12:34

Маңғыстау облысында жол бойында өлі нәресте табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Сhto-proishodit.ru © Сhto-proishodit.ru

Маңғыстау облысында картон қораптың ішінен өлі нәресте табылды, - деп хабарлайды Tumba.kz.


Маңғыстау облысында картон қораптың ішінен өлі нәресте табылды, - деп хабарлайды Tumba.kz.

Басылымның мәліметінше, Бейнеу ауданындағы Сарға ауылының тұрғыны 17 қаңтарда аудандық ІІБ-ге хабарласып, сағат 17.00 шамасында республикалық Ақтау - Атырау тас жолынан, Сарға ауылынан 900 метр жерде картон қорап тапқанын айтады. Қораптың ішінде өлі нәресте болыпты. "Полицейлер мәйітті мәйітханаха жеткізді. Ол жерде нәрестенің қыз бала екені анықталды", - делінген басылымда.

Айта кетейік, полицейлер нәрестенің анасының аты-жөнін анықтап үлгерді. Ол 1978 жылғы әйел болып шықты. Ол полицейлерге баласының өлі күйінде туылғанын айтқан. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін мұндай жағдай Жамбыл облысында болған еді. Сәбидің жансыз денесі 13 қаңтарда Бостандық-Ақкөл тасжолының жиегінде табылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети