14 қаңтар 2016 00:03

Жамбыл облысындағы жол бойында өлі сәби табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы Ақкөл ауылына кіреберісте жол бойында өлі сәби табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Жамбыл облысындағы Ақкөл ауылына кіреберісте жол бойында өлі сәби табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Сәбидің жансыз денесі 13 қаңтарда Бостандық-Ақкөл тасжолының жиегінде табылған. Тергеу шаралары кезінде сәбидің шешесінің кім екендігі анықталды. "Кәмелетке толмаған анасы қазіргі уақытта ауруханада жатыр, ал оның шешесі ұсталды. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Оқиғаның мән-жайын полицейлер нақтыламай отыр. Расталмаған деректер бойынша, сәбидің анасы 1999 жылғы. Ол көлікте босанған делінеді.

Еске салайық, қаңтар айының басында Жамбыл облысында Абай ауылының маңындағы автомобиль тасжолындағы қоғамдық дәретханалардың бірінен тірі сәби табылған болатын. 8 қаңтарда оның шешесі анықталды. Ол 21 жастағы келіншек болып шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети