Ақтау перзентханасында жас ана қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау перзентханасында жас ана қайтыс болды ©Тengrinews.kz

Ақтау қалалық перзентханасында жас ана қайтыс болды. Бисенованың өліміне перзентхана қызметкерлерінің кәсiби мiндеттерiн дұрыс орындамауы себеп болған, дәрігерлердің үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ақтау қаласының прокуратурасы қалалық перзентхана директорының міндетін атқарушы К., босану бөлімшесінің меңгерушісі А. және анестезиолог-реаниматолог С-ға қарсы қозғалған қылмыстық істің заңдылығын тексеріп, айыптау қорытындысын бекітті", - делінген хабарламада.

Тергеу нәтижелері бойынша, перзентхананың бұл үш қызметкері ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабының 4-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағандары үшін айыпталды, яғни олар кәсiптiк мiндеттерiне ұқыпсыз қарады немесе дұрыс қарамауы салдарынан адам өлiмiне әкеп соқты деген айып тағылып отыр.

Айта кетейік, қылмыстық іс құжаттары Ақтау қалалық сотында қаралуы үшін 12 желтоқсанда жолданды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Керекудегі перзентханалардың бірінде жас ананың баласымен бірге қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети