Ақтауда аялдамадан ер адамның денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда аялдамадан ер адамның денесі табылды ©altyn-orda.kz

Ақтауда аялдамадан ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды "Лада" полицейлерге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда аялдамадан ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды "Лада" полицейлерге сілтеме жасап.

Қалалық ішкі істер басқармасының мәліметтері бойынша, кезекші бөлімге 1 ықшамаудандағы автосалонға қарама-қарсы автобус аялдамасында ер адамның жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы денені тапты, онда зорлық белгілері болмады.

Қазіргі таңда қаза болған ер адамның Ақтау қаласы 12-ықшамауданының 53 жастағы тұрғыны екені анықталды. Полиция мәліметтері бойынша, ер адамның денесінде ешқандай жарақат болмаған. Тағайындалған сот-медицина сараптамасы ер адамның неден қаза болғанын анықтайды. 

Мұның алдында Маңғыстау облысында Үндістан азаматының өлі денесі табылғаны хабарланған болатын. Бейнеу ауылынан 54 жастағы ер адамның денесі Жаңа жылдың алдында табылған, мәйітте зорлық белгілері жоқ. Бұл факт бойынша сот-медицина сараптамасы тағайындалып, тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, 2014 жылғы желтоқсанның аяғында Ақтау - Ақшұқыр тас жолында Peugeot автокөлігінен Люксембург азаматының мәйіті табылған еді. Полиция сот-медицина сараптамасын тағайындады. Кейін Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті 39 жастағы азамат суық тигеннен қайтыс болды, деп мәлімдеді. Сонымен қатар, қаза болған шетел азаматының саяхатшы болғаны анықталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети