Ақтауда газ баллонының жарылуы салдарынан зардап шеккен ер адамның жағдайы күрт нашарлады

© Lada.kz

Ақтауда газ баллонының жарылуы салдарынан зардап шеккен ер адамның жағдайы күрт нашарлап кетті. Ол қазір Маңғыстау облысы ауруханасының жан сақтау бөлімінде комада жатыр, - деп хабарлайды "Лада".

Дәрігерлердің айтуынша, жағдайының нашарлауына байланысты ер адам жан сақтау және анестезиология бөлімшесіне жатқызылыпты. "Ол өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылды. Оны асқазан зонды арқылы жасанды тамақтандырып жатырмыз", - деді дәрігер Асхат Қазбаев.

Оның айтуынша, 3А дәрежелі күйік салдарынан бастың шаш өсетін бөлігі, денесінің жоғарғы бөлігі күйген. Сонымен қатар, бассүйек-ми жарақатын алып, жамбас сүйегі сынған.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 12 желтоқсанда Ақтауда 40-футты жүк контейнерінде газ баллоны жарылған болатын. Жарылыс салдарынан 46 жастағы ер адам қатты зардап шекті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама