Ақтауда мас жүргізуші әйел мен баланы қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда мас жүргізуші әйел мен баланы қағып кетті © Lada.kz

Ақтауда мас жүргізуші әйел мен баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Lada.kz. Бұл мәліметті Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда мас жүргізуші әйел мен баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Lada.kz. Бұл мәліметті Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер растады.

Басылымның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 24 қыркүйекте 32А ықшамауданында болған. Осыған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам әйел мен оның төрт жасар баласын қағып кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, Lexus жүргізушісі полиция қызметкерлерінен қашып келе жатып, жаяу жүргіншілерді басып кеткен. Бірақ Маңғыстау облыстық ІІД бұл мәліметті жоққа шығарды.

"Lexus көлігінің 1992 жылғы жүргізушісі 24 қыркүйекте 32А ықшамауданы №18 үйдің маңында шамамен сағат 22:50-де төрт жасар баласымен кетіп бара жатқан әйелді қаққан. Зардап шеккендер Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізілді. Алғашқы көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылды. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізуші мас күйде болған. Көлік айыппұл тұрағына жеткізілді. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған дейін мас күйде көлік жүргізіп, жол апатын жасағаны үшін үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети