Ақтауда өтті делінген митинг жалған болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда өтті делінген митинг жалған болып шықты

Маңғыстау облыстық ІІД Ақтауда өтті делінген митингтің видеосын таратып, арандатушылықпен айналысқандарды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ведомствоның баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

"Маңғыстау облысында өтті делініп, аноним қолданушылардың желіге жүктеген видеосына қатысты Маңғыстау облыстық ІІД былай деп хабарлайды, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Облыста жедел жағдай тұрақты. Құқық қорғау органдары тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шараларды штат режимінде жүзеге асырып жатыр. Бұл видео тексеріліп жатыр. Арандатушылық контентті ұйымдастырып, таратушы тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Қазіргі заңнамаға сәйкес, жалған мәлімет таратуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - делінген хабарламада.

Ал бұл видео негізінде 2015 жылдың қысында Оңтүстүк Қазақстан облысындағы Сарыағаш ауданында түсірілген болып шықты. Ресми мәліметтер бойынша, қақтығыс 2015 жылдың 5 ақпанынан 6 ақпанға қараған түні болған. Митингке Бостандық ауылының маңында Ынтымақ ауылының тұрғынының қазасы себеп болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети