Ақтауда сектант ата-ана қызын үйден қуып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда сектант ата-ана қызын үйден қуып шықты Лиана Матвеева. © lada.kz

Ақтауда сектант ата-ана 18 жастағы Лиана Матвеева есімді қызын үйден қуып шықты. Бұл туралы әлгі қыз бала жергілікті "Лада" басылымына хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда сектант ата-ана 18 жастағы Лиана Матвеева есімді қызын үйден қуып шықты. Бұл туралы әлгі қыз бала жергілікті "Лада" басылымына хабарлады.

Өгей ата-ана қыз баланы екі айлық болғанда асырап алған. Лиананың сөзіне қарағанда, отбасындағы келеңсіз жағдай оның анасы Иегова куәгерлері қауымына мүшелікке қабылданғаннан кейін басталған. Уақыт өте келе ата-ана Лиананы да қауымның жиналысына ертіп барып отырған. Ал кейіннен отбасы мүшелері арасында ұрыс-керіс жиі орын ала бастапты.

"Ондағылар адамдардың басын айналдырып, әр қауым мүшесінен тек ақша жинаумен ғана айналысып отырған", - дейді Лиана.

Лиананың айтуынша, иегово ағымының тәртібі бойынша қауымнан шыққан кез келген адаммен қарым-қатынаста болуға болмайтындықтан оның ата-анасымен арада түсініспеушілік орнаған.

Өгей шеше қызы мектепті бітірместен оның құжаттарын қолдарына алған бойда өзін үйден қуып шыққан. Дәл қазіргі уақытта Лиана Алиса есімді құрбысының үйінде тұрып жатыр.

Құқық қорғаушылардың сөзіне қарағанда, егер қыз бала кәмелет жасына толмаған болса, онда түрлі жауапты орган мамандарының көмегімен пәтердегі өз үлесін алуға көмектесуге болар еді. Ал бұл жағдайда олар ешқандай көмек көрсете алмайтындықтарын айтқан.

"Лиана балалар үйінде қала бергенде қазір де әкімдікте пәтер кезегінде тұратын еді.  Ал қазір не баспаналы болуға құқы да жоқ, не тұратын жері жоқ күй кешуде", - деді Лиананың Алиса есімді құрбысы.

Лиананың ата-анасы жуық арада пәтерін сатып, Беларуссияға көшіп кеткелі отырғандарын басылымға айтқан.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети