Ақтауда төрт әскери қызметші жаттығу кезінде суға батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда төрт әскери қызметші жаттығу кезінде суға батып кетті © Lada.kz

Ақтауда төрт әскери қызметші, алдын ала мәлімет бойынша, жаттығу кезінде суға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда төрт әскери қызметші, алдын ала мәлімет бойынша, жаттығу кезінде суға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бүгін, 18 қыркүйек күні Ақтауда өтіп жатқан "Орталық-2015" оқу-жаттығуының "Орта Азиялық стратегиялық бағытта жауынгерлер тобының операция жүргізуі" екінші кезеңінде ("Оймаша" полигонынан 5 шақырым қашықтықта) "теңіз десантын түсіру және плацдармға тосқауыл қою" эпизодын орындау барысында алты БТР-80 техникасы мен 52 әскери қызметші теңізге шықты.

"Теңізден шамамен 150 метр өткеннен кейін қатты жел мен жоғары толқын салдарынан төрт БТР-80 суға батып кетті. Екі техника өз күшімен жағалауға шықты. Алдын-ала мәлімет бойынша мерзімді қызметтің 4 әскери қызметшісі суға батып кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтың ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясына жағдайдың себебін толық анықтау үшін жедел арнайы топ құрып, оқиға орнына баруды тапсырды. Қазіргі ахуал ҚР Қорғаныс министрінің тікелей бақылауына алынды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети