Ақтауда "жедел жәрдем" көлігі аударылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда "жедел жәрдем" көлігі аударылып қалды ©lada.kz

Ақтауда музыкалы-драма театрының қиылысында "Жедел жәрдем" көлігі аударылып кетті, деп хабарлайды Lada.kz порталы.


Ақтауда музыкалы-драма театрының қиылысында "Жедел жәрдем" көлігі аударылып кетті, деп хабарлайды Lada.kz порталы.

Оқыс оқиға 16 мамары күні, таңертең болған. Куәгерлердің айтуынша, дабыл қаққышы қосылған "Жедел жәрдем" көлігі орталық көшемен қозғалып келе жатқан. Дәл осы уақытта бағдаршамның көк түсіне қиылыстан Toyota Camry автокөлігі шығып, екі көлік соқтығысқан. Қақтығыс салдарынан "жедел жәрдем" көлігі аударылып қалған.

Жол көлік апатының салдарынан төрт адам зардап шеккен. Оның ішінде "жедел жәрдем" көлігі фельдшерінің миы шайқалып, оны облыстық емхананың нейрохирургиялық бөліміне жеткізген. Қызметтік көліктің жүргізушісі иығынан жарақаттанса, "Жедел жәрдем" көлігіндегі тәжірибеден өтіп жүрген екі қыз жеңіл жарақат алған. 

 

 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.04  course up  582.69  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети