Ақтауда жетінші қабаттан құлаған бала аман қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда жетінші қабаттан құлаған бала аман қалды © "Лада" басылымы

Ақтаудағы 17-ші ықшамауданда орналасқан Green Park тұрғын үй кешенінде бүлдіршін терезе алдында ойнап отырып, жетінші қабаттан құлап кеткен. Оқиға 21 маусымда кешкі уақытта болған, - деп хабарлайды "Лада"

Куәгерлердің айтуынша, бүлдіршін металлдан жасалған торға түскендіктен аман қалған. ТКШ қызметкерлерінің бірі торға түскен балаға қозғалмай, қорықпай отыра тұруын айтыпты. Ал өзі осы уақытта сатыны қойып, баланы түсіріп алыпты. Бала ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер баланың зақым алмағанын айтты.

Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде. Осы оқиғаға байланысты жергілікті полиция тұрғындарға үйде бала болса, терезені ашық қалдырмауды кеңес етіп отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети