Ақтауда жол апатына ұшыраған көлік екіге бөлініп қалды

Ақтауда жол апатына ұшыраған көлік екіге бөлініп қалды Фото Lada.kz сайтынан алынды

31 мамырда "Ақ-Отау" мейрамханасы маңында болған жол апатының салдарынан көлік екіге бөлініп қалып, жүргізуші зардап шекті, - деп хабарлайды "Лада" .

Көлік апаты таңғы сағат 9-дың шамасында болған. Апатқа ұшыраған көліктің рөлінде отырған ер адамның халі тым нашарлап кетуіне байланысты, оны "Жедел жәрдем қызметі" бірден алып кеткен.

Toyotа автокөлігінің жүргізушісі алдындағы көлікті басып озбақ ниетпен қарсы бағытқа шығып  жүріп келе жатқанда солға бұрылмақ болған көлікке соғыла жаздап, рөлді басқара алмай қалғандықтан электр бағанына келіп соғылған.

Реклама
Реклама

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Көлік апаты салдарынан автокөлік екіге бөлініп, жөндеуге жарамсыз болып қалған.

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама