ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 01 маусым 2014 17:55
Ақтауда жол апатына ұшыраған көлік екіге бөлініп қалды
31 мамырда "Ақ-Отау" мейрамханасы маңында болған жол апатының салдарынан көлік екіге бөлініп қалып, жүргізуші зардап шекті, - деп хабарлайды "Лада" .
Көлік апаты таңғы сағат 9-дың шамасында болған. Апатқа ұшыраған көліктің рөлінде отырған ер адамның халі тым нашарлап кетуіне байланысты, оны "Жедел жәрдем қызметі" бірден алып кеткен.
Toyotа автокөлігінің жүргізушісі алдындағы көлікті басып озбақ ниетпен қарсы бағытқа шығып жүріп келе жатқанда солға бұрылмақ болған көлікке соғыла жаздап, рөлді басқара алмай қалғандықтан электр бағанына келіп соғылған.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Көлік апаты салдарынан автокөлік екіге бөлініп, жөндеуге жарамсыз болып қалған.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу