Ақтаудағы мектепте босанған 16 жастағы қыздың ата-анасының үстінен әкімшілік іс қозғалды

@REUTERS

Ақтаудағы мектеп ғимаратында жасырын босанған 16 жастағы қыздың ата-анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Тумба".

Ақтаулық прокурор Талғат Әлібаевтің айтуы бойынша, оқушы қыздың ата-анасы Жаңаөзен қаласы, Құланды ауылының тұрғындарының үстінен оқиғаны жасырғаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Белгілі болғандай, қыздың ата-анасы оның жүктілігі жөнінде білген. Прокурор баланың әкесінің кім екені мен оның жауапқа тартылуы туралы ақпаратты айтуға қарсы болды.

Басылым тілшілері қыздың сабақты жақсы оқитынын, мектепте үлгілі оқушы болғанын анықтаған. Мектеп басшылығы қыздың дене бітімі толықтау келгеніне байланысты, оның жүкті екенін аңғармаған. Қазіргі уақытта жаңа туылған сәби ауруханада жатыр.

Реклама
Реклама

Еске салайық, осыған дейін Ақтауда мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі мекеме ғимаратында бала босанып алғаны хабарланған болатын. Ақтау прокуратурасы берілген деректермен таныса отырып, Маңғыстау облыстық білім бөлімі басшылығына болған оқиғаға байланысты шара қолдану туралы ұсыныс жасады. Нәтижесінде мектеп-интернат қызметкерлерінің біреуі жұмыстан босатылып, тағы бес адам қатал жазаға тартылған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама