Ақтаулық қыз пәкістандық танысынан 7 миллион теңге мен 25 мың АҚШ долларын тартып алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаулық қыз пәкістандық танысынан 7 миллион теңге мен 25 мың АҚШ долларын тартып алған © newinform.com

Ақтауда бір қыз газ баллоны арқылы танысынан 7 миллион теңге мен 25 мың АҚШ долларын тартып алған, - деп хабарлайды Lada.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда бір қыз газ баллоны арқылы танысынан 7 миллион теңге мен 25 мың АҚШ долларын тартып алған, - деп хабарлайды Lada.kz

Оқиға бірнеше күн бұрын Ақтаудың № 8 ықшамауданындағы 23 үйдің маңында болған. 48 жастағы ер адамның Lexus автомобилінде отырған қыз оған кенеттен шабуыл жасаған делінеді. Қыз газ баллонын алып, жүргізушіге шашқан. Ер адам көзін сүртіп жатқан кезде қыз көліктен қашып үлгерген. Онымен бірге 7 миллион теңге мен 25 мың АҚШ доллары да жоғалған. Бұл қаражат көлік иесінікі екен. 

Зардап шеккен адамның Пәкістан азаматы екендігі анықталды. Ол Ақтауда уақытша тұрып жатыпты. Жәбірленуші Ақтау полициясына арызданған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сол күні күдіктіні қолға түсірді. Ол Ақтау қаласының 22 жастағы тұрғыны болып шықты.  

Маңғыстау облыстық ІІД өкілдері бұл деректі растап отыр. Ведомствоның баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашеваның айтуынша, қазіргі уақытта күдікті жәбірленушіге барлық қаражатты қайтарып берген. "Осыған дейін сотты болмаған 22 жастағы қыз екі туысының кепілінде отыр. Оның жәбірленушімен таныстығына жарты жылдай болған. Қазірде қылмыстық іс сотқа жіберілді", - деді баспасөз өкілі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети