Ақтөбе әкімдігіндегі полицейдің өлімі: ІІД жаңа деректерді жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе әкімдігіндегі полицейдің өлімі: ІІД жаңа деректерді жариялады Сурет © Tengrinews.kz

Ақтөбе облысы Ішкі істер департаментінің өкілдері қалалық әкімдіктегі полицейдің өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақтөбе облысының АКҚБ (арнайы күзет қызметі басқармасы) инспекторының өзіне қол салу дерегі бойынша тергеу жүріп жатқаны хабарланды. 

"Ақтөбе қаласы әкімдігі ғимаратында түсірілген видеожазбаны зерттеу кезінде Қарымсақов 17:16-да кіріп, 17:24-те табылғанға дейін бақылау өткізу пунктінде бөгде тұлғалардың болмағаны анықталды. Баллистикалық сараптама қорытындысы оқтың табельді қарудан атылғанын көрсетіп отыр. Қарымсақовтың оқиға кезіндегі психикалық саулығын анықтау мақсатында сот-психиатриялық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр", - дейді ІІД өкілдері. 

Мұның алдында төтенше жағдайдың 2018 жылдың 8 қаңтарында болғаны хабарланған. Көз жұмған Қарымсақов Байбек 34 жаста болған. ІІБ-де ер адам 2010 жылдың мамырынан қызмет етіп келген. Марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети