Ақтөбе әкімдігінің күзетшісі табель қаруынан атылып өлген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе әкімдігінің күзетшісі табель қаруынан атылып өлген

Ақтөбе әкімдігінің күзетшісі өзіне табель қаруынан оқ атқан. Ер адам 35 жасқа толуына екі күн қалған кезде өз-өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе әкімдігінің күзетшісі өзіне табель қаруынан оқ атқан. Ер адам 35 жасқа толуына екі күн қалған кезде өз-өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Ақтөбе Арнайы күзет қызметі басқармасы" Мемлекеттік мекемесіндегілер бүгін, 9 қаңтарда осы төтенше жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Полицияның кіші лейтенанты Ақтөбе әкімдігінің әкімшілік ғимаратында күзетші қызметін атқара отырып, ішкі ауладағы қақпада пм-9 мм табель қаруынан өзіне қол жұмсады. Осы дерек бойынша сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады "Ақтөбе Арнайы күзет қызметі басқармасы" өкілдері.

Қаза болған ер адам 34 жаста болған. Ол 10 қаңтарда 35 жасқа толар еді. Ер адам Ішкі істер органдарында 2010 жылдың мамырынан бастап жұмыс істеген. Үйленген, артында екі баласы қалды. Суицидтің себептері анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтөбе әкімдігінің территориясында ер адамның өлі табылғаны хабарланған болатын. Ер адамның денесі жұмыс уақыты аяқталған кезде табылған. Кешкі жеті шамасында Ақтөбе қалалық әкімдігіне полицейлер, тергеушілер және криминалистер келген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети