Ақтөбе облысында моншада үш адам уланып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында моншада үш адам уланып қалды ©Нұрғиса Елеубеков

Ақтөбе облысында моншаға түсіп жатқан үш адам ыстан уланып қалды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мамандардың мәліметінше, Ақтөбе облысы Байғанин ауданының орталығы - Қарауылкелді елді мекенінде жеке үй ауласындағы моншада үш адам иіске тұншығып қалған. 1979 жылы туған ер адам сол жерде қайтыс болды. Оның қасында болған 1977 жылы туған және 1961 жылғы екі азамат ауруханаға түсті. Жылу маусымы басталғалы бері пеш иісі тиіп қайтыс болғандардың қатары күн сайын көбейіп жатыр. 17 ақпан күні Шымкентте 1971 жылы туған екі ер адам уланып қалып, оның біреуі жан тапсырса, Алматының Шаңырақ ықшамауданында жеті және бір жастағы екі бала ауруханаға түскен болатын. Бұдан бір күн бұрын да Шымкентте 1960 жылы туған әйел адам өз үйінде пеш иісіне тұншығып, қайтыс болған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети