Ақтөбе облысында тасжолда өзбекстандықтар отырған автобус аударылып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында тасжолда өзбекстандықтар отырған автобус аударылып кетті © pixabay.com

Ақтөбе облысында өзбекстандықтар отырған жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында өзбекстандықтар отырған жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы 25 ақпанда шамамен сағат 20.40-та Хромтау ауданы Самара-Шымкент тасжолында болған.

"Mercedes көлігінің 35 жастағы жүргізушісі, ОҚО тұрғыны Ақтөбеден Хромтау ауданына бара жатқан жолда көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың шетіне қарай ұшып аударылып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 жолаушы зардап шекті. Олар, Өзбекстан азаматтары, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Автобуста барлығы 25 жолаушы болған", - деп хабарлады полициядағылар.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі тергеу басталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети