Ақтөбе облысында вахта жұмысшылары жаппай уланып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында вахта жұмысшылары жаппай уланып қалды ©РИА Новости

Ақтөбе облысындағы Жаңажол елді мекенінде вахта жұмысшылары астан жаппай ұшынып қалды, - деп хабарлайды "Мой город". Мұнайшылардың айтуынша, 20-ға жуық адам 11 қыркүйек күні кешкі астан соң өзін жайсыз сезінген.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысындағы Жаңажол елді мекенінде вахта жұмысшылары астан жаппай ұшынып қалды, - деп хабарлайды "Мой город". Мұнайшылардың айтуынша, 20-ға жуық адам 11 қыркүйек күні кешкі астан соң өзін жайсыз сезінген.

Вахта жұмысшыларының жүрегі айнып, құсқан, іші өткен. Қазіргі уақытта, анықталмаған мәлімет бойынша, зардап шеккендердің қатары 100 адамға жуықтады. Басылымның хабарлауынша, жұмысшылар Мұғалжар аудандық ауруханасына түсті. Уланудың себебі әзірше белгісіз.

Қазір жұмысшылар поселкесінде облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері жаппай уланудың себебін анықтауға кірісті. "13 қыркүйек күні біздің қызметкерлеріміз Жаңажол кенішіне аттанды. Қазір олар асхана блогын түгел тексеріп жатыр. Сынамалар алынған, енді зерттеу нәтижесін күтіп отырмыз. Қанша адамның ауруханаға түскенін нақты айта алмаймын", - дейді Ақтөбе облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің жетекшісі Жайдар Құрманов. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети