Ақтөбе облысында жасөспірімді зорламақ болған тұрғын ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында жасөспірімді зорламақ болған тұрғын ұсталды ©livejournal.com

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында аудандық ішкі істер бөліміне кәмелетке толмаған қыз балаға зорлық әрекеті жасалғаны туралы шағым келіп түсті, - деп хабарлайды "Ақтөбе-Таймс". Ақпарат құралының хабарлауынша, 24 жастағы жігіт жасөспірімді зорламақ болған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында аудандық ішкі істер бөліміне кәмелетке толмаған қыз балаға зорлық әрекеті жасалғаны туралы шағым келіп түсті, - деп хабарлайды "Ақтөбе-Таймс". Ақпарат құралының хабарлауынша, 24 жастағы жігіт жасөспірімді зорламақ болған.

Таратылған мәліметке қарағанда, 11 жастағы қыз бала 18.00 шамасында үйінен 50 метр жердегі дәретханаға барған кезде оған күдікті тиіскен. Полицияға қыздың анасы шағымданды. Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол бұрын да заң бұзып, көзге түскен. Бұл іс бойынша сараптама тағайындалды.

Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыскерлердің кәмелетке толмаған қыз баланы зорлауына анасының көмектескені хабарланған болатын. Қыздың ата-анасы ажырасқан. Әйел 15 жастағы қызын Шымкенттен Мақтаарал ауданына алдап шақырған. Анасы қызына ұялы телефон сыйлайтынын айтыпты. "24 қазан күні оны азаматтық некеге тұру үшін Мақтаарал тұрғыны алып қашады да, зорлайды. Анасы мұны білген", - дейді Абай ауданы прокурорының орынбасары Ермек Әйтімов. Полицейлер кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасау және адам ұрлау деректері бойынша қылмыстық істер қозғады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети