2019 жылы 27 ақпанда Қарғалы ауылындағы Мир көшесіндегі пәтерде тұратын ер адам өзінің кәмелетке толмаған қызын зорлаған. Ол қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, - деп хабарлайды NewTimes.kz Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған дерекпен сотқа дейінгі тергеу басталды және ҚР ҚК-нің 4-бабы "Көрінеу жас балаға қатысты жасалған Зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ермек Ахметов "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын таңдау арқылы халықаралық іздестіру жарияланды. Іздестіру ісі басталды.

Іздеудегі адамның белгілері: бойы 170-175 сантиметр, денелі, беті сопақ, шашы қара және толқынды, сақалды және мұртты.