Ақтөбеде атыс болып, полицейлер қарулы адамды өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде атыс болып, полицейлер қарулы адамды өлтірді

Ақтөбеде атыс болып, полицейлер қарулы адамды өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде атыс болып, полицейлер қарулы адамды өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ІІД қызметкерлерінің 33 жастағы ер адамның қарулы шабуыл жасап, заңсыз қару сақтағаны жайлы ақпарат алған. Ер адам бұған дейін сотты болған екен.

"12 қаңтарда Ақтөбе-Богословка тасжолында Lada Priora маркалы көлік тоқтатылды, оның тізгінінде 33 жастағы азамат болған. Ол көліктен шыққан бетте полиция қызметкеріне қару кезеген, осылайша қарулы қарсылық көрсету арқылы полицейлердің өміріне қауіп төндірген. Осыдан кейін полицейлер табель қаруын қолданды", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

Атыстан ер адамға оқ тиіп, оқиға орнына жедел жәрдем шақыртылған. Алайда ол жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

ІІМ мәліметінше, екі бап - "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" және "Заңсыз қару сақтау" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети