Ақтөбеде батарея жұтып қойған сәби қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде батарея жұтып қойған сәби қайтыс болды ©РИА Новости

Ақтөбеде бір жарым жастағы қыз бала ойыншықтың батареясын жұтып қойғаннан қайтыс болды деп хабарлайды "СТВ" арнасы. Ағзадағы бөгде зат сәбидің өңеші мен тыныс жолын күйдіріп тастаған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде бір жарым жастағы қыз бала ойыншықтың батареясын жұтып қойғаннан қайтыс болды деп хабарлайды "СТВ" арнасы. Ағзадағы бөгде зат сәбидің өңеші мен тыныс жолын күйдіріп тастаған.

Сәби тұншыға бастаған соң анасы дәрігерлерге көрінген. Аудандық ауруханада қыз бала рентгенге түсірілген, бірақ ешқандай күдікті нәрсе табылмаған. Келесі күні ата-ана жылаған сәбиді дәрігерлерге тағы көрсетеді. Қайтадан жасалған түсірілімнен өңешке кептелген бөгде зат анықталды. Ол кішкентай дөңгелек батарея екен. Қалалық аурухана дәрігерлері оны қыздың өңешінен 18 сағаттан соң алып шықты. Батарея ұзақ уақыт бойы қышқылданып, сілті бөлгендіктен одан сәбидің ас жүретін және тыныс жолдары күйіп қалған. 

Хирург Ибат Нұрғалиевтің айтуынша, қыз балаға үш операция жасалған. Дәрігерлер кішкентай пациенттің өмірі үшін бір ай күресіпті, бірақ құтқарып қала алмады. Балалар хирургі Болат Жаналиев Ақтөбеде мұндай жағдайлардың көбейіп бара жатқанын айтты. 2013 жылы ауруханаға ағзасына бөгде зат түскен үш жасқа дейінгі 50-ге жуық бала жатқызылған. Балалар көбіне ойыншық, пісте, түйреуіш, бақыр сияқты заттарды жұтып қояды. Сондай-ақ, сәбилердің сіркесу мен ыдыс жуатын сұйықтан уланып қалатын жағдайлары да көп. Дәрігерлердің айтуынша, дер кезінде қаралған кезде сәбилердің өмірін құтқарып қалуға болады. 

Батарейка жұтып қойған сәбидің ата-анасы дәрігерлерді сотқа бергелі отырған жоқ. Олар өзге ата-аналарға сәбилерін қараусыз қалдырмауға, кішкентай батареясы бар ойыншықтарды сатып алмауға кеңес береді. Бұл туралы бүгін "СТВ" телеарнасынан сағат 20.00-де толығырақ баяндалады.

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети