Ақтөбеде "Дала қасқыры" байк-клубының 26 жастағы президенті қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде "Дала қасқыры" байк-клубының 26 жастағы президенті қаза болды "ВКонтакте" әлеуметтік желідегі парақшасынан

Ақтөбеде "дала қасқыры" байк-клубының президенті, 26 жастағы Асхат Төлегенов жол-көлік апатынан қаза болды, - деп хабарлайды РИКА-ТВ.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде "дала қасқыры" байк-клубының президенті, 26 жастағы Асхат Төлегенов жол-көлік апатынан қаза болды, - деп хабарлайды РИКА-ТВ.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 12 мамыр күні кешке әуежай маңында болған. "Боголовск тас жолына қарай бағыт алған Honda автомобилінің 38 жастағы жүргізушісі солға бұрылып жатқан кезде мотоциклді өткізіп жібермеген", - делінген хабарламада. Нәтижесінде мотоциклде отырған адам өте қауіпті жарақат алып, қаза тапты. Қазір осы деректерге сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

"ВКонтакте" әлеуметтік желідегі парақшасында Асхаттың достары мен байкерлер көңіл айтып жатыр. "Жатқан жерің жайлы болсын. Осылай болғаны өкінішті, туыстарың мен жақындарыңа сабырлық берсін", - деп жазды Kirill Aitkaliev.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети