Ақтөбеде дене шынықтыру мұғалімі оқушысын ұрып-соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде дене шынықтыру мұғалімі оқушысын ұрып-соқты © omskgazeta.ru

Ақтөбе мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыны жұдырықпен бетінен ұрды, - деп хабарлайды "Диапазон". Оқиға №12 мектепте 4 қыркүйек күні болған, алайда мектеп басшылығы бұл жағдайға қатысты түсінік беруден бас тартты. Сұлтан Оразовтың миы шайқалып, ауруханаға түсті. Мұғалім жұмысынан қуылды, "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сұлтанның әкесінің айтуынша, сол күні оқушылар мұғаліммен бірге тегін оқулықтарды алу үшін гимназиялардың біріне барған. "Ұлым сыныптасымен бірге отырған кезде Серік деп айтыпты, мұғалім өзін айтып тұр екен деп ойлап, сыйламаушылық танытты деп шешкен. Ол ұлымды бетінен жұдырықпен ұрған. Оның бір немесе бірнеше рет ұрғанын білмеймін, ол есінен танып қалыпты. Баламның үсті-басы қан болды, мен оны аурухаға өзім апардым", - деді ол.

Қазір оқушының жағдайы жақсы, алайда ауруханаға түскенде оған мидың шайқалуы және төменгі еріннің жарылуы деген диагноз қойылды. "Мектеп директоры бізден кешірім сұрады, бірақ мен ондайдың қалай болғанын түсінбеймін. Біріншіден, олар балалардың өзге мектепте таңертеңнен кешке дейін кітап таситындары туралы ата-аналарына ескерткен жоқ. Біз баламыз сабақта деп ойладық. Сонымен қатар, оқиға туралы бізге ешкім хабарлаған жоқ. Ешкім жедел жәрдем мен полицияны шақырмаған. Ұлымды дәрігерлік пунктке жіберіп, мүсәтірді иіскетіп, үйге қайтарыпты", - деді оқушының әкесі. Оның айтуынша, мұғалім одан кешірім сұраған, ал оның туыстары полициядан арызын қайтарып алуды өтінген көрінеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети