Ақтөбеде оқушылар пышақтасқан: Бірі мүгедек болып қалуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде оқушылар пышақтасқан: Бірі мүгедек болып қалуы мүмкін © smartnews.in.ua

Ақтөбеде бір топ мектеп оқушысы пышақтасып, нәтижесінде біреуі ауыр жарақат алған. Енді ол өмір бойына мүгедек болып қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бірінші Еуразия" арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде бір топ мектеп оқушысы пышақтасып, нәтижесінде біреуі ауыр жарақат алған. Енді ол өмір бойына мүгедек болып қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бірінші Еуразия" арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, қаладағы төрт мектептің шамамен 40 оқушысы төбелескен. Полицейлер төбелестің  себебін анықтап жатыр. Мектеп оқушылары зираттың маңында төбелес шығарған.

Сюжетте бірінші курс студентінің үйге қансырап барғаны айтылады. Үйдегілері болса, жедел жәрдем шақыруға да қорыққан.

"Ұлым мектепке барған, ол жақтан мұғалімдер такси шақыртқан. Жалпы ол үйде оқып жүретін. Содан оны шақыртып алды. (...) Сол жақта барлығы оны пышақтаған", - дейді зардап шеккен оқушының әкесі Нұрлан Тенелов.

Дәрігерлер оның көп қан жоғалтқанын айтады. Туыстарына оның мұндай жарақаттан соң өмір бойына мүгедек болып қалуы мүмкін екенін айтқан. Полициядағылардың мәліметінше, "Денсаулыққа зиян келтіру" мен "Ұсақ бұзақылық" баптары бойынша тергеу жүріп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети