Ақтөбеде өзіне қол жұмсаған жүкті түлек ауруханада қайтыс болды

Ақтөбеде өзіне қол жұмсаған жүкті түлек ауруханада қайтыс болды © Tengrinews.kz

Ақтөбеде суицидтен кейін комаға түскен жүкті түлек қайтыс болды, - деп хабарлайды "Диапазон".

15 маусымда қыз Шалқар ауданындағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, түлек дәрілерден уланған. Жақында ҰБТ тапсырған қыз жүктіліктің төртінші айында болыпты. 16 маусымда қызды Ақтөбедегі ауруханаға ауыстырды. Комада жатқан ол облыстық ауруханада қайтыс болды.

"Оны әкелген кезде миы істен шыққан еді, - деді дәрігерлер. - Біз қолымыздан келгенін істедік, дегенмен оны тірі алып қалу мүмкін болмады. Оның мұндай қадамға неліктен барғаны белгісіз. Ол жақсы отбасыда тәрбиеленген".

Жарнама
Жарнама

 

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама